Естен кетпес жиырма бес (текст)

Ендеше-ай, жез бауырлық, жез бауырлық-ай,
Жаз күні-ай кие алмаймын тонды ауырлап-ай.
Түскенде-ай елім еске, сенер болсаң-ай,
Жылаймын-ау жата қалып жер бауырлап-ай.

Ой, тоба-ай, шапаным бар, шапаным бар-ау,
Етегі-ай елу бір кез, кеудесі тар-ай.
Бұрынғы-ай өтіп кеткен жиырма бес-ай,
Сол жасқа-ай өтіп кеткен боламыз зар-ай.

Аржағы-ау Алматының мойыл талды-ай,
Жиылып қыз-келіншек ойын салды-ай.
Ойласақ-ай жиырма бес естен кетпес-ай,
Қайырылып-ай қаршығадай мойын талды-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: