Есік алды бүлдірген

Published on 10/03/2017

Біздің ауыл жоғары Сыр болады,
Көп тағылса қалампыр кір болады.

Есік алды бүлдірген,
Тауда өскен сен бір гүл,
Арман бір қылсаң, білдіргін.

Тіршілікте жүрейік сіз-біз десіп,
Дәурен екі болмайды, бір болады.

Есік алды бүлдірген,
Тауда өскен сен бір гүл,
Арман бір қылсаң, білдіргін.

Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы,
Ынтымағы жаманның қосылмайды.

Есік алды бүлдірген,
Тауда өскен сен бір гүл,
Арман бір қылсаң, білдіргін.

Көп сөйлемей мен қалай отырайын,
Күнде мұндай басымыз қосылмайды.

Есік алды бүлдірген,
Тауда өскен сен бір гүл,
Арман бір қылсаң, білдіргін.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"