Жанымсың

Published on 08/03/2017

Ей, қалқа, сен қандайсың мен дегнде,
Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Сілекей сірне татыр шөлдегенде.

Жанымсың, ләззатымсың аңсап жүрген.
Астына таңдайымның бал сап жүрген.

Басынан Алатаудың арша ап жүрмін,
Аршамды көтере алмай шаршап жүрмін.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Сағынып, ақ жүзіңді аңсап жүрмін.

Жанымсың, ләззатымсың аңсап жүрген.
Астына таңдайымның бал сап жүрген.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"