Жібек жолы аруы

Published on 29/01/2017

Сағымданған сақараның аруы,
Саған жетпес жұлдыздардың жарығы.
Әр шахарға бақыт сыйлап барады,
Әр жүректе махаббаттың жалыны.
«Жібек жолы» аруы,
Махаббаттың дәуірі.
Жүрегімнің жалыны,
Айналдым, қазағымның аруы.
Жібек жолы бар әлемді гүлдентіп,
Ғашықтарын өздерімен бірге ертіп.
Келе жатыр алып керуен даламда,
Бар табиғат тұрғандайын әнге елтіп.
«Жібек жолы» аруы,
Махаббаттың дәуірі.
Жүрегімнің жалыны,
Айналдым, қазағымның аруы.
Теңдесі жоқ сұлуымсың дара асыл,
Жүрегімде жұлдыз болып жанасың.
Күміс алқа қоңыраумен қосылып,
Кең даламның күйін шертіп барасың.
«Жібек жолы» аруы,
Махаббаттың дәуірі.
Жүрегімнің жалыны,
Айналдым, қазағымның аруы.

 

Сөзі: Е. Төлегенов

Әні: М. Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"