Келіншек әні

Published on 13/01/2017

Есігімнің алдында қамыс, пішен,
Қыз күніме, япырмау, қашан түсем.
Жер соқтырып жаманды кетер едім,
Аяғыма сен болдың болат кісен.

Қоя ғой, бөпем, қой, бөпем,
Жылама, бөпем, әлди-ау.

Есігімнің алдында томар толмас,
Өз теңіме қоспаған әкем оңбас.
Жер соқтырып жаманды кетер едім,
Ақ батасын атамның бұзып болмас.

Қоя ғой, бөпем, қой, бөпем,
Жылама, бөпем, әлди-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"