Күлдарай (текст)

Салғаным оң қолыма алтын жүзік, алтын жүзік,
Аққуым көл дария жүрген жүзіп, Күлдарай.
Қолымнан сен қапыда кеттің ұшып, кеттің ұшып,
Алайда кеткенім жоқ күдер үзіп, Күлдарай.

Күлдарай, гүл-гүл шашқан
Бұлбұл құстан.
Не пайда өнері жоқ
Шіркін жастан, Күлдарай.

Тоғайдан кесіп алған тал сойылым, тал сойылым,
Ылақтай жарға ойнаған қалды ойным, Күлдарай.
Сұқсыр үйрек секілді асыл қалқам, асыл қалқам,
Жүрмісің аман-есен, қыз мойным, Күлдарай.

Күлдарай, гүл-гүл шашқан
Бұлбұл құстан.
Не пайда өнері жоқ
Шіркін жастан, Күлдарай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: