Көк айдай (1-нұсқа)

Published on 25/02/2017

Қарағым, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай.
Төбесі сұлу қыздың көрінгенде,
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.

Екі ағашта бір алма,
Мен де алмаймын, сен де алма!

Анық достым сен болсаң,
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Мен кеткенде сен қалма!

Ей, көк айдай, көк айдай,
Көк-ай, сәулем, қыз қайда-ай!

Көзіңнің айналайын жанарынан,
Сөзіңнің қуанамын хабарынан!
Не келіп, нелер кетпес жігіттікте,
Иіскеп жатар ма едім тамағыңнан!

Екі ағашта бір алма,
Мен де алмаймын, сен де алма!

Анық достым сен болсаң,
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Мен кеткенде сен қалма!

Ей, көк айдай, көк айдай,
Көк-ай, сәулем, қыз қайда-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"