Мәңгілік арман (текст)

Қимаймын,
Өзгеге сені, жаным-ау, қимаймын,
Сенсіз бұл әлемге махаббаттан симаймын.
Іздеймін, не дерімді кездескенде білмеймін.
Жаным, сағыныштан селдіреген күздеймін.

Махаббатымның менің не екені арман,
Білмедім-ау, өмірімді жалған.
Бұл өмірден мәңгілік өтермін, қайран!

Қалаймын,
Мен жанымда болғаныңды қалаймын,
Мәңгілік іздеуден сені, аяулым, талмаймын.
Қараймын,
Сен кеткен жолға қамыға қараймын.
Жоқсың неге?
Аңсаған арманға сені балаймын.

Махаббатымның менің не екені арман,
Білмедім-ау, өмірімді жалған.
Бұл өмірден мәңгілік өтермін, қайран!

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: