Сандуғаш

Published on 08/03/2017

Сал кеуде сандуғаштай сайрап тұрған,
Меруерт тас Самарқанда жайнап тұрған.
Ағалар, топтан таңдап бір сұлу ал,
Тасындай диірменнің ойнап тұрған.

Қонғаны ауылымның тастақ төбе,
Бір сәлем сағынғаннан айттым неге.
Бірге өскен кішкентайдан, беу, қарағым,
Жүргені өзімсініп қандай неме?

Би болмас белін жалпақ буғанменен,
Ағармас заты қара жуғанменен.
Кейбіреу көзін жұмып, құр шұлғиды,
Сопылық келген бе екен көз жұмған менен?!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"