Сен сұлу (текст)

Жаз гүліндей жайнаған,
Масатыдай жер сұлу.
Аққу-қаздар тойлаған,
Айдын шалқар көл сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос — тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан,
Бәрінен де сен сұлу сен сұлу.

Нұрын төккен қырмызы,
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы,
Айлы кеште түн сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос — тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан,
Бәрінен де сен сұлу сен сұлу.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: