Сұлуым

Published on 10/03/2017

Көріп едім көздеріңнен өмірдің гүлін
Сол көркіңмен жүрегімде сезім тербедің
Көктем кеште кезігіп ем арманым менің
Сен бе едің аңсағаным аяулым менің

Есіңде ме сол бір сөзің сүйем дегенің
Сен келер деп ойлап едім сені іздедім
Сол бір түнде сені күттім неге келмедің
Өзге жан мен бақыт іздеп қалай кеткеннің
Аңсаймын сөздерінді тұңғиықтай көздеріңді
Сағындым мен өзіңді аяулым менің
Қинадың жүрегімді көз ілмедім күндіз-түні
Сүйіп едім мен сұлуым менің

Сенсіз жаным жасыл жазым өтіп барады
Қиқулаған аппақ қаз да кетіп барады
Қош бол жазым жан сүйіктім дегім келмейді
Жүрегімде оттай сезім қалып барады
Аңсаймын сөздерінді тұңғиықтай көздеріңді
Сағындым мен өзіңді аяулым менің
Қинадың жүрегімді көз ілмедім күндіз-түні
Сүйіп едім мен сұлуым менің.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"