Сұржелгенше (1-нұсқа)

Published on 24/02/2017

Қарағым, айналайын, қалқажаным,
Сен едің, бұ жалғанда бар арманым.
Ала алмай хабарыңды көптен бері,
Болғанмен сыртым бүтін, іште жалын.

Ахахау, сұржелгенше, ахахау, сұржелгенше,
Хош қалқа, хош есен бол-ай, біз келгенше.

Мінгенім дәйім менің, тарлан шұбар,
Мойнына тарлан шұбар тақтым тұмар.
Көре алмай ақ жүзіңді армандамын,
Көңілім құмарланған қашан тынар.

Ахахау, сұржелгенше, ахахау, сұржелгенше,
Хош қалқа, хош есен бол-ай, біз келгенше.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"