Угай-ай халық әні (текст)

Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Дауысы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.

Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.

Бәсі қымбат-ай базарда алашаның,
Қызы сұлу болады Қарашаның, угай-ай.
Көре алмай сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады құдашаның, угай-ай.

Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: