Угай-угай

Published on 07/03/2017

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүлгүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай әніміз,
Арпа, бидай дәміміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.

Өлең деген немесе білген құлға, угай-ай,
Ақ теңгесін кім қимас алар пұлға, угай-ай.
Оралыңның барында ойна да күл, угай-ай,
Өлгеннен соң адыра қалар тұлға, угай-ай.

Угай-угай әніміз,
Арпа, бидай дәміміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"