Қаламқас (текст)

Ақ көйлек, қызыл камзол, лағыл етек,
Отырмын мен қалқаны өлеңдетіп.
Шіркін-ай, Құсни-Қорлан деген кезде,
Алдымнан өтер ме едің желеңдетіп.

Қарағым, қалқам қаламқас,
Жолыңа пида мал мен бас,
Ғашықтықтан дертім бар,
Дауасын ешкім таба алмас.

Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ақ жүзің жамбыдайын жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы,
Ішінде сіз қоңыр қаз саңқылдаған.

Қарағым, қалқам қаламқас,
Жолыңа пида мал мен бас,
Ғашықтықтан дертім бар,
Дауасын ешкім таба алмас.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: