Қалқатайдың дауысы-ай (2-нұсқа)

Published on 10/03/2017

Нетер деймін ендеше, нетер деймін, айха-ай,
Өлең айтып көңліңді көтер деймін, әлеулім-ай.
Өлең айтып көнліңді көтермесең, айха-ай,
Ойнағаның, күлгенің бекер деймін, әлеулім-ай.

Арғымақтың дабысы-ай,
Сәйгүліктің шабысы-ай.
Құлағымнан кетпейді-ай,
Қалқатайдың-ай, дауысы-ай.

Тауып алдым аққудың жұмыртқасын, айха-ай,
Бізден сәлем айта бар ұмытпасын, әлеулім-ай.
Біздер айтпай өлеңді кім айтады, айха-ай,
Сіздер менен біздер боп жолықкасын, әлеулім-ай.

Арғымақтың дабысы-ай,
Сәйгүліктің шабысы-ай.
Құлағымнан кетпейді-ай,
Қалқатайдың-ай, дауысы-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"