Қаракөз (10-нұсқа)

Published on 04/01/2017

Қаракөз, ауылың алыс, жерің шалғай,
Мен жүрмін дидарыңа бір қана алмай.
Ой толқып, жүрек лебі құйқылжыды-ау,
Қосылар күн болар ма, ақдариға-ай.

Қаракөз отыр гүл жайнап,
Қатар белбеу бір байлап.
Шіркін еске түскенде,
Кетеді ішім зыр қайнап.
Ахау, Қаракөз, қалдың кейін, мен не дейін,
Құшақтап енді көрсем жібермеймін.

Қаракөз ұядағы ақ балапан,
Сағынып Қаракөзді ойға батам.
Ауылын Қаракөздің көрген болсаң,
Берейін сүйіншіге ат пен шапан.

Қаракөз отыр мөлдіреп,
Екі беті үлбіреп.
Жібек шәлі мойнында,
Төңірегі желбіреп.
Ахау, Қаракөз, қалдың кейін, мен не дейін,
Құшақтап енді көрсем жібермеймін.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"