Қойшы әні

Published on 12/03/2017

Қойым семіз болсын деп тауға бақтым,
Таудың сәні келсін деп сырнайлаттым,
Сәулетай, сәулетай.
Тау басынан ертемен кездеспесе,
Жас жүректің обалын саған арттым,
Сәулетай, сәулетай.

Сырнай даусы тау сәні, шай-шай, шай,
Құлағымнан кетер ме.
Сырнайлатқан сәулетай, сәулетай.

Қап бүркендім басыма күн жауғанда,
Сен келер деп қасыма түс ауғанда,
Сәулетай, сәулетай.
Келші, келші, қалқатай, қамықпайын,
Мен сендікпін дейтұғын сертің қайда,
Сәулетай, сәулетай.

Сырнай даусы тау сәні, шай-шай, шай,
Құлағымнан кетер ме.
Сырнайлатқан сәулетай, сәулетай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"