Құбажай (2-нұсқа)

Published on 11/03/2017

Ар жағында Ертістің нұр жайлаған,
Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған?

Құбажай, қоңыр да салқын жанға жай.

Біздің қалқа көрсеңіз таныр едің,
Ормала бар белінде бір байлаған.

Құбажай, қоңыр да салқын жанға жай.

Осылайша құрбыға сәлем жаздым,
Атағына алыстан ынтызармын.

Құбажай, қоңыр да салқын жанға жай.

Мен жүрейін сыртынан медет қылып,
Үні жақсы көлдегі қоңыр қаздың.

Құбажай, қоңыр да салқын жанға жай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"