Абайкөк (2-нұсқа) (текст)

Домбыра екі шекті жұқа қақпақ, ай, абайкөк,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ.

Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!

Кіші – іні, үлкен – аға отырғанда, ай, абайкөк,
Қызыл тіл баяуламай, жоғарлап бақ.

Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!

Домбыра екі шекті қолға алайын, ай, абайкөк,
Қайырып он екі алуан ән салайын.

Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!

Жиылып өңшең құрбы отырғанда, ай, абайкөк,
Мен не ғып бұл қызықтан құр қалайын?!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: