Алты басар (текст)

Әй, қалқа, жан туған жоқ сенен асар,
Көңілім кетер сәулем болып нашар.
Айырылып сенен, қалқам, қайтқан түні,
Әніне бір басайын “Алты басар”.

Ә-әй-и-и-и ә-әй и-и-и-и-и-и…
Ха-ри-да дай-дай, да-ри-да дай-дай,
Дари-да-дай-дай, дай-дай-дай-дай.

Әй, қалқа, жүруші едің күліп-ойнай,
Ойнаушы ең өзің тиіп ерікке қоймай.
Жігіттер, жалған жарды өзімсінбе,
Жылқы екен қыздың байы тәңірі ойбай.

Ә-әй-и-и-и ә-әй и-и-и-и-и-и…
Ха-ри-да дай-дай, да-ри-да дай-дай,
Дари-да-дай-дай, дай-дай-дай-дай.

Әй, қалқа, түрлене бер тоты құстай,
Жігіт жарлы болмайды тұрмыс қыспай.
Бір жаман мал бердім деп алып кетер,
Тұйғыннан жем аңдыған қара құстай.

Ә-әй-и-и-и ә-әй и-и-и-и-и-и…
Ха-ри-да дай-дай, да-ри-да дай-дай,
Дари-да-дай-дай, дай-дай-дай-дай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: