Ауылға (текст)

Ауылымды, дариямды еске аламын,
Толқынымен талай тербеткен.
Өткелінде Алатаудың шаттанамын мен.
Ауылымды туған елді еске аламын,
Сағындырып маза бермеген.
Ауылыма аттанамын мен.

Ауылда, ауылда, ауылда,
Өмірдің бақытты бал әні.
Ауылға, ауылға, ауылға,
Ауылға кетіп мен барамын.

Келбеті әсем Алматы мен Астананың,
Қандай ыстық туған жер деген.
Бөктерінде алатаудың шаттанамын мен,
Перзенті мен Мұғажардай қарт ананың.
Қуанышын бойда кернеген,
Ауылыма аттанамын мен.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: