Ахахау, арман (текст)

Көзіңнен айналайын күлімдеген,
Қадірің бірге өскен соң білінбеген.

Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

Судағы сұқсыр үйрек қарағым-ай,
Салсам да көлге қармақ ілінбеген.

Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

Қамысы қызыл көлдің селдіреген,
Жүрегім сен дегенде елжіреген.

Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

Аққудың балапаны секілдім-ай,
Көзіңнен, айналайын, мөлдіреген-ай!

Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: