Ақ көйлек (2-нұсқа) (текст)

Мінгенім дәйім менің, ахау, құла қасқа,
Қалқатай, сүйгенім жоқ
Ақ көйлек, көңіл жай,
Сенен басқа, еу-айдай.

Кеткенде аулың алыс, ахау, қимас қалқам,
Беріп кет орамал шыт
Ақ көйлек, көңіл жай,
Жыламасқа, еу-айдай.

Қара су есік алды, ахау, өткелі жоқ,
Суынан өткелі жоқ
Ақ көйлек, көңіл жай,
Өткенім жоқ, еу-айдай.

Кеткенде аулың алыс, ахау, қимас қалқам,
Басқаға көңіл бұрып,
Ақ көйлек, көңіл жай,
Кеткенім жоқ, еу-айдай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: