Гүлсім-ай (текст)

Ақ пайғамбар, ендеше, ау, ақ пайғамбар, Гүлсім-ай,
Жазым келсе Алладан жақ байланар, ау!

Гүлсім-ай, Гүлсім-ай,
Жүректің сырын өзің білсең-ай.

Күлің барда күл де ойна, ау, осындайда, Гүлсім-ай,
Үкім келсе Алладан жақ байланар, ау.

Гүлсім-ай, Гүлсім-ай,
Жүректің сырын өзің білсең-ай.

Күйген көмір, ендеше, ау, күйген көмір, Гүлсім-ай,
Әр нәрсеге жарайды асыл темір, ау.

Гүлсім-ай, Гүлсім-ай,
Жүректің сырын өзің білсең-ай.

Оралыңның барында, ау, ойна да күл, Гүлсім-ай,
Өлгеннен соң білінбек өткен өмір, ау.

Гүлсім-ай, Гүлсім-ай,
Жүректің сырын өзің білсең-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: