Дариға (текст)

Дариға-ай, сылаң қағып бұраңдайсың
Дүние өтер десем тіл алмайсың, Дариға-ай
Алтайы құмнан қашқан түлкідейін
Қалқатай қолға түспей бұлаңдайсың Дариға-ай
Сәулелі жарық айымсың
Бақытымсың, барымсың
Дариға-ай, мына жалғанда
Таңдап бір сүйген жарымсың
Нұрысың сен дүниенің алып тұрған
Күйігің сенің мені зарықтырған, Дариға-ай
Қалқам-ау сезбедің ғой сенің үшін
Кеудемде жалын барын жанып тұрған, Дариға-ай
Дариғау, қалқа жанарым
Сені іздеп қайдан табамын
Жанымда жақын жүрмесең
От болып лаулап жанармын
Сәулелі жарық айымсың
Бақытымсың, барымсың
Дариға-ай, мына жалғанда
Таңдап бір сүйген жарымсың

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: