Жаралы сезім (текст)

Сол кезді ойлап алшы,
Жаным-ау сен ойланшы,
Бақытты кез емес пе?
Жоқ әлде жай елес пе?
Түсінгін келмеді ме?
Жас жүрек сен бе едің бе?
Жоқ әлде жүректегі
Жылуды сезбедің бе?
Бұл қалай суынғанын?
Сүйгенін сол ма жаным?
Жүректен тілерім сол,
Тек қана бақытты бол

Бақытты бол!
Бақытты бол деймін мен саған,
Бақытты бол!
Тілеймін шын жүректен.

Ғажайып бұл өмірде,
Сүйгенім сен боларсын
Сен менің жүрегімде
Өшпейтін шоқ боларсын,
Түсінгін келмеді ме?
Жас жүрек сен бе едің бе?
Жоқ әлде жүректегі
Жылуды сезбедің бе?
Бұл қалай суынғанын?
Сүйгенін сол ма жаным?
Жүректен тілерім сол,
Тек қана бақытты бол

Бақытты бол!
Бақытты бол деймін мен саған,
Бақытты бол!
Тілеймін шын жүректен.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: