Жарыста

Ерлік, еңбек, оқу, мектеп –
Біздің өмір жалғасқан.
Ол негізім шығар көктеп,
Тәрбие, үлгі алмасқан.

Колхоз, совхоз ен далада,
Жаңа құрылыс алыптар.
Машина, өнер екпінді іспен
Сүйре, ілгері алып бар.

Құрылыс мәні – социализм,
Басты миллион болаттар.
Еңбек туын алып қызыл,
Бастаған жас талаптар.

Өс қоғамым, көркей өмір,
Өрле ілгері табысқа!
Қуат, күшпен серме көңіл
Социалистік жарыста.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: