Заман (текст)

Біздің заман қай заман, бақыт заман-ей,
Еңбекшіге әперген бақыт заман, заман-ай.
Құлшылықтың құтылып құрсауынан-ей,
Айға ұмтылып биікке бастық қадам, заман-ай.

Ел айығып азаптан,
Шаттанатын күн туды.
Жеңіс қолға алып,
Аттанатын күн туды.

Өткен заман қай заман, жылан заман-ей,
Жылан шағып, халық жоқ жыламаған, заман-ай.
Боз інгеннің бөрі жеп боташығын-ей,
Ата менен ана жоқ, зарламаған заман-ай.

Ел айығып азаптан,
Шаттанатын күн туды.
Жеңіс қолға алып,
Аттанатын күн туды.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: