Игәй сәуле (текст)

Қарағым, айналайын, қырғи қабақ,
Сен едің суда жүзген алтын шабақ.
Салсам да күміс қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды-ей ақтамақ.

Ей, игәйгөй,
Игәй сәуле.
Етпе әуре,
Іриай-ай.

Ішінде ну орманның сен бір талсың,
Аяққа құйып қойған шекер балсың.
Бағаңа бағаласам жан жетпейді,
Басқадан артық туған неткен жансың.

Ей, игәйгөй,
Игәй сәуле.
Етпе әуре,
Іриай-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: