Ой, асыл бекзат (текст)

Келдің қайдан-ай, сәулем-ей, келдің қайдан-ай,
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан-ай.

Ей асыл, бекзат құрбышым-ай,
Аман да есен жүрмісің-ей.

Жаз құсындай-ей қос бұрым айқасалық-ей.
Мен қоңыр қаз алдыңнан қанат жайған-ай.

Ей асыл, бекзат құрбышым-ай,
Аман да есен жүрмісің-ей.

Қыран бүркіт ұшады қиялауға,
Шешен жігіт сөйлейді қия дауда.

Ей асыл, бекзат құрбышым-ай,
Аман да есен жүрмісің-ей.

Түлеп ұшқан Алтайдан сұңқар едім,
Қай жеріне қонайын ұялауға.

Ей асыл, бекзат құрбышым-ай,
Аман да есен жүрмісің-ей.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: