Ой-ой, көкем (текст)

Сөйлеп-сөйлеп берейін сөз келгенде,
Мата жолда қалады бөз келгенде-ай.
Ауыздағы жел сөзді аяймыз ба,
Жиылған топ осындай кез келгенде-ай.

Ой-ой, көкем,
Өткен іске өкінбе.
Деген екен-ай.

Сөйлеп-сөйлеп берейін сөз келгенде,
Тоқталмайды шын жүйрік зау келгенде-ай.
Тәңір берген жел сөзді аяймыз ба,
Тыңдайтұғын ағалар кез келгенде-ай.

Ой-ой, көкем,
Өткен іске өкінбе.
Деген екен-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: