Ой қарағай (текст)

Дүние, өтерінде сынаптайсың-ай,
Таулардан жылжып аққан бұлақтайсың.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.

Басынан талай ердің аттай теуіп-ай,
Сұм жалған, қайда барып тұрақтайсың.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.

Дүние, қудым сені жалықпай-ақ-ау,
Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.

Біреуге мал мен бақыт қатар беріп-ау,
Біреуді қойдың, құдай, жарытпай-ақ.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: