Саялы өзен (текст)

Күн нұр шашқан Бұлғынның ей биігіне,
Құлан жетпес ойнаған киігіне-ай.
Жарқыраған айнадай-ей көлдеріңнің,
Жұмыртқалар аққу-қаз жиегіне-ай.

Орманды тау,
Саялы өзен,
Жайнаған жасыл кезең.

Ақ күмістей жайнаған-ей таудың басы,
Көз ұялтар қарасаң меруерт тасы-ай.
Суы – арасан, шөбі – бал-ей дертке шипа,
Жыл-жыл сайын өседі малдың басы-ей.

Орманды тау,
Саялы өзен,
Жайнаған жасыл кезең-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: