Сағындырған туған жер (текст)

Ай астынан соғады алтын күрек,
Не демейді қызыл тіл, бұл көкірек, құрдасжан.
Артта қалған ағайын есім(е) алып,
Не себептен болады көңіл көмек, құрдасжан.

Құлжа, Сүйдің, Сайрам көл,
Сағындырған туған жер.
Сағынғанда сарғайып,
Сағындырма, бұраң бел.

Ай да бірдей жігітке, күн де бірдей,
Ер көңілі болмайды түнделемей, құрдасжан.
Менің көңілім елжұртқа басылады,
Арт жағыңды айналып, алдын кермей.

Құлжа, Сүйдің, Сайрам көл,
Сағындырған туған жер.
Сағынғанда сарғайып,
Сағындырма, бұраң бел.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: