Су ішінде метре (текст)

Бай да өткен, қара да өткен, жарлы да өткен,
Жас бала, кемпір мен шал бәрі де өткен-ай.
Балалар, тіршілікте күліп-ойна,
Өлмесе, ата-бабаң қайда кеткен-ай.

Су ішінде метре,
Шыға алмайды шетіне.
Осындайда, үй-үй, ойнап күл,
Өткен іске-ай өкінбе.

Ақ үйдің ат байладым кермесіне,
Пәнденің кім таласар бермесіне-ай.
Балалар, тіршілікте күлде-ойна,
Мен кепіл өткен жалған келмесіне-ай.

Су ішінде метре,
Шыға алмайды шетіне.
Осындайда, үй-үй, ойнап күл,
Өткен іске-ай өкінбе.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: