Сәулем-ай (3-нұсқа) (текст)

Аяғыма кигенім, былғары етік, сәулем-ай,
Табанымнан барады, ызғар өтіп, сәулем-ай.
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай,
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп, сәулем-ай.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулемсің,
Басымдағы дәуренсің,
Жақсы болсаң сәулемсің,
Жаман болсаң әуремсің.

Ағынан да алманың көгі жақсы сәулем-ай
Барынан да жаманның, жоғы жақсы, сәулем-ай
Бір сөз айтсаң жаманға, теріс қарар сәулем-ай,
Қорғасындай балқыған қайран жақсым, сәулем-ай

Қайырмасы:

Сен де сері сәулем-ай, мен де сері, сәулем-ай,
Шын сүймесен көңліңді бермес едің, сәулем-ай.
Томағасын алдырған лашындаймын, сәулем-ай,
Сен болмасан бұл жерге, келмес едім сәулем-ай.

Қайырмасы:

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: