Сәулем (текст)

Сәулеме айттым сәлем сен зерек деп,
Өзіңнің топтан орның бір бөлек деп.
Көйлектің ақ, атлас жеңін тістеп,
Алдымнан шықсаң сәулем көлбелектеп.

Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі,
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.

Ай сәулем өзіңнен де сөзің керек,
Ақылға жас күніңнен болдың зерек.
Құнанның қара жорға төбеліндей,
Көзіңнен айналайын, дөп-дөңгелек.

Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі,
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: