Шіркін, әннің бұлбұлы-ай (текст)

Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей,
сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей,
сәулем-ай.

Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.

Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен,
Бір-біріне адамзат қонақ екен,
сәулем-ай.
Қызғалдақтай қызарған қайран жастық,
Қазан ұрмай, қыс түспей солады екен,
сәулем-ай.

Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: