Япыр-ай (текст)

Жаз болса жарқыраған көлдің беті,
Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын,
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі.

Алтын бу ақ көбіктің бетін жабар,
Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар.
Есіме ақ еркемді алған кезде,
Ақ маржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: