Қарағым (текст)

Қия жерге өрмекті құрушы едім,
Шаршағанда мойнымды бұрушы едім.

Қарағым, қардан аппақ тамағың,
Іздесем қайдан табамын?

Қыздай мұңдық бар ма екен жер бетінде,
Шалқи түсіп елімде жүруші едім.

Қарағым, арманда боп барамын,
Сағынып еске аламын.

Өз елімде жүруші ем барқыт пішіп,
Біреуінен біреуін артық пішіп.

Қарағым, қардан аппақ тамағың,
Іздесем қайдан табамын?

Астың алдын беруші еді әке-шешем,
Енді қайтып жүремін сарқыт ішіп.

Қарағым, арманда боп барамын,
Сағынып еске аламын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: