Әсем әнім сырнайлы-ай (текст)

Көзіңнен айналайын қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріңе қонақтарым.

Ахау айым,
Әсем әнім сырнайлы-ай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.

Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды-ей, ақтамақ.

Ахау айым,
Әсем әнім сырнайлы-ай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: