Бас, батырлар, алға! (текст)

Бас, батырлар, алға!
Жауға қарсы анда.
Қара жүрек мыстан,
Сор қыстаған дұшпан.
Батсын, батсын қанға!
Бас, батырлар, алға!
Қажыма да, талма.
Көрсетейік біз ерлік,
Ой, ерім-ай, дерлік.
Қалсын дүние таңға,
Ой, ерім-ай, дерлік.
Қалсын дүние таңға,
Мақтанармыз жарға.

Бас, батырлар, алға!
Бұл жау ұқсас аңға;
Ештеме емес оған,
Оған маңсұқ болған
Адамдық та, ар да.
Бас, батырлар, алға!
Бойда қайрат барда.
Әлі-ақ, жауды жеңіп,
Үйге қайтып келіп,
Мақтанармыз жарға.

 

Сөзі: Қапан Сатыбалдин

Әні: Әли Базанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: