Жинақтағы әндер саны 1749 — ға жетті!

Сәләмәтсіз бе, құрметті достар! Біздің жинағымыздың әндер саны бүгін толықтырылып 1749 ға жетті. Мобильді қосымшамызды ашып, күйге келтіруді ашып — әндер базасын жаңарту батырмасын басыңыз.

Көзімнің қарасы (текст)

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
«Бар» демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын.